KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
442.05 474.14 4.74

Азия чемпионаты-2019: Қазақстан құрамасы бесінші орынға табан тіреді

26.08.2019, 06:10 109

Волейболдан Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өткен Азия біріншілігінде бесінші орыннан көрінді. Осының арқасында отандастарымыз Токио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Еске салайық, құрлықтық додадағы шымылдықашар ойында Австралия құрамасымен кездескен қыздарымыз қарсыласын 3:0 (партиялардағы нәтиже 25:19, 25:20, 25:21) есебімен тізе бүктірген болатын. Бұдан кейін отандастарымыз үндістандық волейболшылармен шеберлік байқасып, бұл матчты да өз пайдасына аяқтаған-ды. Есеп 3:1 (21:25, 25:16, 25:19, 25:18). Алайда, Жапония құрамасына қауқар көрсете алмады. Үш партияға созылған кездесудің нәтижесі – 0:3 (19:25, 20:25, 21:25).

Жарыстың екінші айналымын Қытай құрамасына қарсы ойынмен бастаған қазақстандық волейболшылар аталмыш кездесуде де ұпайдан қағылуға мәжбүр болды, 0:3 (23:25, 12:25, 15:25).

Бұдан соң түркиялық бапкер Нежат Санжак шәкірттері бірде-бір ұпайға қол жеткізбеген Индонезия құрамасына қарсылас атанып, қарсыласынан 3:0 (25:19, 25:15, 25:18) есебімен басым түсті.

Осы жеңісінің арқасында отандастарымыз біріншіліктің 5-8 орындары сарапқа салынатын ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте жарыс қорытындысы бойынша алғашқы сегіздікке енген құрамалар келер жылдың басында өтетін тағы бір құрлықтық додаға жолдама алатынын айта кеткен орынды. Жоғарыда айтқанымыздай, ол сынға қатысушылар Токио Олимпиадасының лицензиялары үшін талас жүргізбек.

Отандастарымыз бұл мүмкіндікті мүлт жібермеді. Алдымен 3:0 есебімен еш қиындықсыз Иран құрамасын ұтқан қазақстандық волейболшылар артынша қытайлық Тайбэйдің намысын қорғаған команданы да сенімді жеңді. Есеп 3:1.

Айта кетейік, биылғы біріншілікте ел құрамасы сапында өскемендік «Алтай» волейбол клубының алты ойыншысы өнер көрсеткен болатын. Өкінішке қарай, олардың арасында құраманың беткеұстар ойыншысы Сана Анарқұлова болмады. «Алтайдың» капитаны жарыс алдында өткен оқу-жаттығу жиындары кезінде жарақат алып, соның кесірінен құрлықтық додаға қатысу мүмкіндігінен айырылған-ды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив