KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Азия чемпионаты. Қазақстан Индонезияны талқандады

23.08.2019, 11:30 151

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан Азия біріншілігінде қазақстандық волейболшылар Индонезия құрамасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін ойналған бұл кездесудің кезеңдері 25:19, 25:15, 25:18 есебімен аяқталды. Осы жеңісінің арқасында отандастарымыз біріншіліктің 5-8 орындары сарапқа салынатын ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл ретте жарыс қорытындысы бойынша алғашқы сегіздікке енген құрамалар келер жылдың басында өтетін тағы бір құрлықтық додаға жолдама алатынын айта кеткен орынды. Ол сынға қатысушылар Токио Олимпиадасының лицензиялары үшін талас жүргізбек.

Ертең қазақстандық арулар 5-8 орындар үшін ойындар аясында Иран құрамасымен шеберлік байқаспақ.

Еске салайық, құрамында «Алтай» волейбол клубының алты ойыншысы бар ел құрамасы біріншілік барысында төрт кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетсе, қалған екеуінде қарсыласына жол беруге мәжбүр болған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив