KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Семейдің Қарағайлы ауданындағы пәтер бағалары айтылды

23.08.2019, 04:13 153

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алу үшін енді Қазақстанның «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» салымшылары арнайы конкурсқа қатыспаса да болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Енді олар тек банктің hcsbk.kz сайтына немесе baspana.kz, порталына кіріп өздеріне ұнаған пәтерді брондап, алдын ала иемдене алады. Бұл туралы бүгін брифингте аталмыш банктің бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Айбек Жарылғапов мәлімдеді. Бұл банк бойынша Қарағайлы шағын ауданында сатылымға 286 пәтер дайын тұр. Тұрғын үйлер «Нұрлы жер» және «Өз үйім» бағдарламалары бойынша өз иелерін таппақ.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Қарағайлыда пәтерлер 1 шаршы метріне 140 000 теңгеге бағаланған. Бұны алу үшін банк салымшылары өз шоттарында 1,5 млн теңге немесе пәтердің барлық құнының 20 пайызын жинақтау керек. Бұдан соң банк жеңілдікпен 5 пайыздық өлшем бойынша пәтерді толық сатып алуға мүмкіндік жасайды. Ай сайын пәтер иесі үйіне кірген соң 53 мың теңге төлемек. Бұл екі бөлмелі пәтер, яғни барлық құны 7,5 млн теңге болғандықтан екен. «Нұрлы жер» бағдарламасының талабы осылай халыққа қол жетімді болмақ.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу