KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 2 м/с, З
479.23 534.96 5.16

Берел қорғандарындағы құнды жәдігерлер цифрлы форматқа көшеді

13.08.2019, 11:32 169

Өңірімізде Халықаралық Жастар күніне арналған ІX мобильдік медиа мектебі өтті. Аталмыш шара барысында Катонқарағай ауданындағы Берел қорық-музейінің құнды жәдігерлерін цифрлы форматқа көшіру және оларды сақтау бойынша шеберлік сағаттары өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Берел мәдениеті: жәдігерлерді цифрлық форматқа көшіру» атты Халықаралық Жастар күніне арналған ІX мобильдік медиа мектептің өткізілуіне Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық Коммуникация департаменті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті мұрындық болды.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Роза Чекетаеваның айтуынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Журналистика факультетінде ашылған журнилистика мектебі өңірлік БАҚ өкілдеріне арналған көшпелі семинарлар сериясын осыған дейін Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында өткізген екен. Бұл жолғы кезек «Берел» Мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығына келген екен.

– Үлкен Берел қорғандары аумағында өткізіліп жатқан семинардың жақсы жақтары көп, - дейді Роза Чекетаева. – Оның қатысушылары жәдігерлермен, көшірмелермен, сызбалармен жұмыс істеп, басқа да зерттеулер жүргізеді.
Медиа мектеп жұмысы барысында Берел мәдениетін цифрлы форматқа көшіру және тарихи жәдігерлерді сақтау модульдары бойынша қазба жұмысына келген археолог-студенттерге семинарлар, шеберлік сағаттары өткізілді. Жастар жылы аясында Халықаралық жастар күнін архелог студенттермен бірге атап өтуді мақсат тұтқан шарада қатысушылар «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын аралап, қорғандағы қазба жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жастар «Берел және Шілікті қорғандарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайық» тақырыбында топтық жұмыс орындап, Венн диаграммасын құрап шығарды.

– Берел қорғандары Шығыс Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ тұтастай еліміздің брендіне айнала білді, - дейді белгілі археолог, профессор Зейнолла Самашев. – Жақында бұл жерде Халықаралық суретшілер бірлестігі үлкен жұмыс жүргізді. Қорған аумағы суретшілер мен фототілшілер бас қосатын орынға айналуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив