Басқарып отырған өңірдің даму көрсеткіші ақсаған әкімдерге тиісті шара қолданылады – ШҚО
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала, аудан әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы бойынша кеңес өтті. Оның нәтижесі бойынша аймақ басшысы жыл қорытындысында даму көрсеткіші кенжелеп қалған аудан мен қала әкімдеріне тиісті шара қолданылатынын жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Белгілі болғандай, Алтай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласында жұмыс қарқыны ең төмендегені байқалып отыр. Сондай-ақ, Өскемен қаласы мен Самар, Ұлан аудандарында да кей көрсеткіштер көңіл көншітпейді. Аталған қала, аудандардың әкімдері аймақ басшысына жыл соңына дейін жағдайды ретке келтіру үшін қандай жұмыстар атқарылатыны бойынша есеп берді.
Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде барлық әкімдерге қатаң ескерту жасады.