KZ
Өскемен
-33°
переменная облачность жел 3 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше, 15:15 96 Базарова Айгүл

Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech «электрондық үкіметі» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі. Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды  Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды, деп хабарлайды Altainews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Цифрландырудың платформалық моделіне көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік функциялардың қайталануын болғызбау және бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында көрсетілгендей, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін «QazTech» «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық платформасынан (бұдан әрі – «QazTech» платформасы) тыс құруға мораторий енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін «QazTech» платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығаруды қамтамасыз ету талабы қойылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Ал Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу