Қазақстан ЖОО-ларындағы ең қымбат он мамандықтың рейтингісі анықталды
Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы ең қымбат мамандықтардың рейтингісі анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Заңтану», «Кеден ісі» және «Қаржы» саласы үздік үштікке енді. Бір оқу жылының ішінде аталған мамандықтардың студенттері 420 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін оқу ақысын төлейді. Төртінші және бесінші орындарды «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Экономика» «Менеджмент», «Маркетинг» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бірге бөлісті. Орта есппен алғанда оқу ақысы 1,25 миллион теңгеге дейін жетеді.
Сондай-ақ үздік ондыққа «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Әлемдік экономика», «Аймақтану», «Ақпараттық жүйелер» және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кірді. Оқу ақысы 510 мыңнан 1,2 миллион теңгеге дейін жетеді.