Қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттайды
Еліміздегі жоғары оқу орындары оқу ақысын 20 пайызға қымбаттауы мүмкін. Демек, студенттер жоғары білім алу үшін жылына миллион теңге төлейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.
Қоғам белсендісі Гүлбану Әбенованың айтуынша, қазақстандық ЖОО-ларда оқу ақысы 900 мың теңгеге жетуі мүмкін. Университеттердің көбі бағаны 15-20 пайызға дейін көтеріп жіберген.
Гүлбану Әбенова оқу ақысы қыбаттаса да, білім сапасының еш жақсармағанын алға тартып отыр. Отандық студенттер ескі бағдарлама бойынша білім алуда екен. Ал оқып жүрген мамандықтардың көпшілігі қазір сұранысқа ие емес. Сондықтан жастар шетелден білім алуға талпынатын көрінеді.