KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

Донор күні. Өскемендіктер қан тапсырып, екі күн демалыс алады

7.08.2019, 03:50 168

Өскеменде қан тапсырып, екі күнге дем алуға болады. Сондай-ақ мың теңге сыйақы беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осындай ерекше акцияны Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы Донор күніне орай арнайы өткізіп отыр. Қатысуға ниет білдірушілер 7 тамыз күні сағат 9.00-14.00 аралығында Протозанов көшесі, 7 мекенжайынан табылуы тиіс.

– Қан тапсырғаннан кейін донорларға екі күнге анықтама және 1000 теңгеге қоса беріледі, – деп атап өтті ұйымдастырушылар. – Сондай-ақ бұл күні донорлар тегін анализ тапсырып, өздерінің қан тобы мен резус-факторын біле алады. Ал қажет болған жағдайда зертханалық зерттеулер туралы ресми анықтама ала алады.

Айтпақшы, жеке кәулігіңізді ұмытпаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив