KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Министр болудың жолы қандай?

31.07.2019, 10:24 174

Президенттік кадрлық резервке кімдердің кіре алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Президенттік кадрлық резерв деген не?

 Президенттік кадрлық резерв жастарды мемлекеттік қызметке қабылдау үшін құрылады.

Резервке жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы 35 жастан аспаған жағдайда қабылданады. Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер бұл іріктеуге қатыса алмайды.

Құжаттарды жариялы түрде талқылау әдетте 2019 жылдың 13 тамызына дейін жалғасады.

 Резерв келесі лауазымдарға орналасу үшін құрылады:

 министрлер мен олардың орынбасарлары;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері;

орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар басқармаларының төрағалары мен мүшелері;

орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;

аппарат басшылары.

 

Президенттік кадрлық резервке іріктеу кезеңдері

 

Резервке іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады, оның ішінде оны өткізу туралы хабарландыруды жариялау, кандидаттардың құжаттарын қабылдау, кандидаттардың теориялық білімін тестілеу, көшбасшылық қасиеттерін, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарас, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары).

 

Мамандарды кадрлық резервке кім қояды?

 

Кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы. Комиссия мүшелерінің қатарында Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, кеңсе бастығы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы және басқалары болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу