KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда жыл сайын 370 мың жұмыс орнын құру қажет

31.07.2019, 05:04 131

Қазақстанда жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейін ұстап тұру үшін жыл сайын 370 мың жұмыс орнын құру қажет.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, бүгінде еңбек нарығында шамамен 8,7 миллион адам жұмыс істейді екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде ұстап тұру үшін оның мөлшерін жыл сайын 0,1 пайызға төмендетуге міндеттіміз. Яғни жылына 370 мың жаңа жұмыс орнын құруымыз керек. Оларды негізінен қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, оның ішіндегі жеке сектор есебінен құрамыз, – деді ол.

Сондай-ақ Жылқыбаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу іс-шаралары өте баяу жүргізілуде екенін айтты.

– Өкінішке қарай, жұмыссыз жүрген отандастарымыздың көбі «Еңбек» бағдарламасында қандай қолдау шаралары бар екенін, грант пен несиені қалай алуға болатынын білмейді. Сондықтан «Грант алушының портреті» атты роликтер әзірлеудеміз. Мұндай іс-шаралар бағдарламаның тиімділігін арттыруға көмектеседі, – деді вице-министр.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта Қазақстанда 3D-модельдеу мен IT-маманы, сәулетші, дизайнер, педагог пен дәнекерлеуші сияқты мамандықтар сұранысқа ие болмақ. Дәл осы мамандықтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын аудару жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив