ШҚМУ-да оқуға қабылдау жаңа форматта өтеді

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқуға қабылдау жаңа формат бойынша өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Университет ректоры Мұхтар Төлегеннің бастамасымен қабылдау комиссиясы үшін фронт-кеңсе ашылды. Оқу ғимаратының кіре берісінде жарнамалық-анықтамалық мәліметтер көрсетілген. Мұнда талапкерлер білім беру бағдарламалары мен бөлінген грант санын көре алады.
Қабылдау комиссиясының фронт-кеңсесі электронды «бір терезе» қағидасы бойынша, талондық жүйемен жұмыс жасайды. Күту залында талапкерлер мен олардың ата-аналарына барлық жағдай жасалған: желдеткіштер, ұялы телефондарды қуаттайтын орындар мен ауыз су орнатылған.
- Жаңадан енгізілген жүйе талапкерлер үшін өте ыңғайлы болмақ, көп уақытты алмайды, – дейді білім ордасының басшылығы.