KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Магистратураға түсу үшін әр тест бойынша шекті балл өзгерді ме?

17.08.2019, 09:54 179

Биыл магистратураға түсу емтиханын тұңғыш рет Ұлттық тестілеу орталығы өткізді. Бұған дейін оны жоғары оқу орындары өткізіп келген еді. Сол себепті БҒМ бұйрығымен бірқатар өзгерістер енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Енгізілген өзгерістер бойынша: 

– қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау кешенді тестілеу қорытындылары бойынша кемінде 50 балл, соның ішінде: шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау арқылы кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау арқылы кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. 

– ағылшын тілінде оқытылатын магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау кешенді тест қорытындылары бойынша кемінде 25 балл, соның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау арқылы кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау арқылы кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

– шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша магистратураға ақылы негізде қабылдау кешенді тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша кемінде 50 балл, соның ішінде: шет тілінен кемінде 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тестіден кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша әр шығармашылық емтиханнан кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік білім гранты бойынша білім алу үшін кешенді тест және шығармашылық емтихандар бойынша: 

1) қазақ немесе орыс тілінде оқытылатын ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратура үшін, оның ішінде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы үшін кемінде 75 балл, соның ішінде: шет тілінен 25 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тестіден кемінде 7 балл және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша бірінші пәннен кемінде 7 балл, екінші пәннен кемінде 7 балл жинаған талапкерлер,

2) ағылшын тілінде оқытылатын магистратура үшін кемінде 50 балл жинаған, соның ішінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауап таңдау бойынша кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауап таңдау бойынша кемінде 7 балл жинаған талапкерлер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив