KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да мас жүргізушінің көлігінен тапанша, пышақ және дубинка табылды

30.06.2019, 06:11 237

ШҚО-да полиция қызметкерлері мас жүргізушінің көлігінен тапанша, пышақ және резеңкелі дубинка тауып алды, депхабарлайды Алтайньюс тілшісі.

26 маусымда ШҚО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дархан Өтепов пен Жасұлан Түсіпбеков жол жүру ережелерін бұзған көлік жүргізушісін тоқтатады. Оқиға қала сыртындағы тас жолдардың бірінде болған. Mercedes автокөлігі мемлекеттік нөмірсіз және фарларын жақпай келе жатқан. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатпақ болады. Жүргізуші оларды елемей өтіп кетіп, қашып құтылуға тырысады. Алайда Глубокое ауданының Опытное поле ауылының маңында полиция қызметкерлері оны қуып жетіп, құрықтайды.

Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталады. Сондай-ақ, көліктен травматикалық тапанша, пышақ және резеңке дубинка табылған.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жүргізушіге қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылып, баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу