ШҚО-ның аудандарында Арыс қаласына гуманитарлық көмек жинап жатыр
ШҚО-да «Арыспен біргеміз» атты қайырымдылық акциясы басталып, екі ауданда гуманитарлық көмек көрсету үшін шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Тарбағатай және Көкпекті аудандарында заттай және ақшалай көмек жиналуда.
Тарабағатайда Ақсуат ауылы «Ұранхай қажы» мешітін азық-түлік, киім-кешек, ақашалай, т.б. көмектер көрсетуге шақырады. Байланыс телефоны: +7 777 425 07 43
Көкпектіде қайырымдылық шарасын аудандық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып отыр. Мұнда халық «Ақ ниет-Көкпекті» қайырымдылық қорына қаражат аударып жатыр.
Шоттың реквизиттері:
«Ақ ниет-Көкпекті» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Абылайхан көшесі, 19
БИК HSBKKZKX,
БИН 181040027267,
ИИК:KZ706010261000043251.