Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды
Қазақстан президентінің жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды", - деп жазылған ресми хабарламада.
Бүгін мәжілісте өткен әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің отырысында Мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасы ұсынылып, тағайындалды.
Айта кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы министрлікті бес жылдай басқарған еді.