Елжан Біртанов қызметінен босатылды
Елжан Біртанов Қазақстанның денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды.
"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", - деп көрсетілген Президенттің қолы қойылған жарлықта.
Бұл жаңалықты Елжан Біртанов әлеуметтік желідегі парақшасында растап, жазба қалдырды. Айтуынша, қызметінен босатуға денсаулығына байланысты өз өтініш берген екен.
Өткен аптада Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны жайлы хабар тараған еді.
Денсаулық сақтау министрі болып Алексей Цой тағайындалып отыр.