KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстандықтар маңызды анықтамаларды жаңаша алады

10.06.2019, 09:55 160

Енді Қазақстанда наркологиялық, психоневрологиялық ұйымнан және тубдиспансерден берілетін анықтаманы онлайн алуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп eGov.kz порталында аса сұранысқа ие қызметтерді іске қосты.  Соңғы бес айда наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама алу қызметтері ТОП-10 танымал қызметке шыққан екен. Бұл анықтамалар жұмысқа қабылдау, жүргізуші куәлігін алу және басқа да өмірлік жағдайлар кезінде қажет.

Енді mGov мобильдік қосымшасында ұсынылатын қызметтер тізіміне, сондай-ақ, Телеграмм-Бот @EgovKzBot-ке психо -, нарко - және тубдиспансерден анықтама беру қосылып отыр.

Айта кетсек, бұған дейін аталған анықтамаларды алу үшін диспансерлік мекемелерге жүгініп, кезекте тұру керек болатын.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу