7 маусым күні өскемендіктерге тегін медициналық қызмет көрсетіледі
7 маусымда Өскемен қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Біз – денсаулықты таңдаймыз» акциясы сағат 15.00 мен 17.00 аралығында «Дос-нар» базарының алаңында өтеді.
Акцияда терапевт және педиатр мамандардан тегін кеңес алуға болады. Қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен холестерин мөлшерін тексеруге мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, тұрғындар үшін аталған аумақта флюромашина қызмет көрсетеді,– дейді ШҚО денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.
Акция қонақтары үшін арнайы концерттік нөмірлер мен түрлі лотереялар, алғашқы медициналық көмек көрсету амалдары дайындалған.