KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

«Самал» паркіне барып, дәрігерге тегін қаралуға болады - акция

12.09.2019, 05:28 114

Өскемендегі «Самал» паркіне барып, дәрігерге тегін қаралуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

14 қыркүйек күні «Самал» саябағында «Салауатты сандарға қол жеткіз!» атты мәдени-сауықтыру акциясы өтеді. Тура парктің үлкен алаңына барып, кез-келген дәрігерге қаралып, кеңес алуға болады. Сондай-ақ қала тұрғындары қан қысымын, бойы мен салмағын, қандағы қант пен холестеринді тегін өлшей алады. Жақын маңдағы жылжымалы флюромашинаға барып, флюорография жасауға да мүмкіндік бар.

Акция аясында жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуге байланысты шеберлік сабағын өткізеді.

– Сонымен бірге шаһар тұрғындарын концерттік бағдарлама, салауатты өмір салты тақырыбындағы викториналар мен тосынсыйлар күтеді, – дейді ұйымдастырушылар.

Акция сағат 09.00-де басталып, 13.00-ге дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив