KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
511 602.72 6.49

Өскемен полицейлері жарнама жапсырылған көліктердің номерін шешіп алады

16.05.2019, 04:31 317

Өскемен полицейлері қандай жағдайда автокөлікке жарнама жапсыруға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

— Жарнамаларды көліктің айналары мен артқы әйнектеріне, сондай-ақ машинаның алдыңғы және артқы беттеріне орналастыруға тыйым салынады, – деп мәлімдеді Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар жарнамада қандайда бір тауар өндірушілердің мекенжайы, қызмет түрлері, байланыс телефондары мен электронды пошталары жазылмауы тиіс.

 

– Тәртіп бұзылған жағдайда жүргізушіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады (12 625 теңге). Сондай-ақ автомобильден мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынып тасталады, – деп түйді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу