KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1,8 м/с, СБ
439.43 473.31 4.82

Көлігіңіздің сыртындағы жарнама үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін

14.06.2019, 08:55 107

Көлігіңіздің сыртындағы жарнама үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын полиция қызметкерлері, қала тұрғындарына көліктің сыртында жарнама тұрмауы қажет деп ескерту жасаған болатын. Заң талаптарына сәйкес, автомобильдердегі жарнамада тауар өндірушінің мекен-жайы, тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрі, байланыс телефондары мен электрондық пошта мекен-жайлары болмауы тиіс. Мамыр айында, дәл осы ережені сақтамаған 15 жүргізуші ұсталған.

– 15 жүргізуші 590 - баптың 5-бөлімі "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды ,-дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кететін жайт, аталған ережені бұзғандарға 5 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынады

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив