Өскемен полицейлері үш күн бойы айыппұл өндіреді
![](/kz/engine/skins/images/noimage.jpg)
Өскемен полицейлері рейдке шығып, айыппұл өндіре бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
27-29 мамыр күндері «Айыппұл төле» алдын-алу шарасы өтеді.
Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары рейд жүргізу арқылы айыппұл арқалаған азаматтардың жазадан жалтармауын қадағалайды.
Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, айыппұл төлемейтіндерге қатысты ҚР ӘҚБтК 669 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. Оның санкциясы жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерімен пара-пар екенін ескеріңіздер. АЕК өтелмеген жағдайда бес тәулікке дейін қамауға алуға құқылы тәртіп сақшылары.