Риддерде аурухана кешені салынып жатыр
Риддер қаласында 140 төсектік стационары бар аурухана кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
– 140 төсектік стационары және 500 пациентке шақталған емханасы бар бейінді аурухана кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Пайдалануға 2023 жылдың желтоқсанында беріледі деп жоспарланған. Кешен қажетті жабдықтармен толық қамтылады, – деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.
Жалпы, әкімнің айтуынша, денсаулық сақтау саласында түйіткілді мәселелер жоқ. Қалада төрт вакцинация пункті жұмыс істеп тұр. 39 049 тұрғынға немесе жергілікті халықтың 92%-ына бірінші және екінші компонент егілген.