KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мұз еріп жатыр

30.03.2019, 18:25 136

Аймақта күн жылынып, жауын-шашын болады. Соның салдарынан өзендерде су деңгейінің көтерілу қауіпі бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс тұрғындары бұл жайында SMS-хабарламалар арқылы ескертіліп жатыр.

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, ауа температурасының  жоғарылауы мен жауын-шашынға байланысты 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында аймақта су деңгейі күрт көтеріліп, өзендерде мұз кептелісі болуы мүмкін екен. Осыған орай аталған уақыт аралығында облыста дабылды ескерту жарияланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу