Экология департаменті: ҮМЗ-да ешқандай апат болған жоқ
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-да ешқандай штаттан тыс жағдайлар мен апат болмаған.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен ақпаратқа ШҚО бойынша экология департаменті жауап берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- "ҮМЗ" АҚ-ның 1 желтоқсандағы ресми жауабына сәйкес, кәсіпорында 29 қараша күні штаттан тыс жағдайлар мен апат болмаған. Өңірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҰМУ) жариялануына байланысты кәсіпорынның барлық бөлімшелері екінші режим бойынша жұмысқа көшті, -делінген ақпаратта.
"I санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылаудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасына "сәйкес 29 қараша күні кәсіпорын қызметкерлері атмосфералық ауаға бақылау жүргізген.
- Жүргізілген аспаптық өлшеулерге сәйкес атмосфералық ауадағы берилийдің мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан төмен болды. Егер сізде атмосфералық ауаның бериллиймен немесе өзге де зиянды қосылыстармен ластануына әкеп соғуы мүмкін апат туралы сенімді мәліметтер болса, 76-76-82-қабылдау бөлмесі, 8-777-288-61-58 нөмірі бойынша жіберулеріңізді сұраймыз, - деді ШҚО бойынша экология департаменті әлеуметтік желіде.
Оқи отырыңыз