Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?
2023 жылы ұзақ демалуға мүмкіндік болмайды екен. Мысалы, Жаңа жылда 3 күн ғана демалыс берілді. Ал Рождество мерекесі биыл сенбі күнге түсті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бір күн ғана демаламыз, себебі мереке сәрсенбіге дәл келіп отыр.
Наурыз мерекесінде 3 күн демалыс беріледі: 21, 22 және 23 наурызда.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні жексенбіге түскендіктен, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, екі күн демалыс беріледі. 9 мамыр – Жеңіс күні сейсенбіге түсіп тұр.
6 шілде, яғни Астана күніне орай 4 күн демаламыз, себебі 6-7 шілде бейсенбі мен жұмаға түседі. Осыған байланысты 1 шілде, яғни сенбі жұмыс күні деп белгіленуі мүмкін.