Бір тәулікте коронавирус пен пневмонияны 81 адам жұқтырды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясына – 74, коронавирус пневмониясына 7 адам шалдықты.
Пневмониядан 1 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәлімет бойынша, өңірлерде коронавирустан 1 949 адам (коронавирус (КВИ+) –1 796, пневмония (КВИ-)– 153) емделуде. Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 10 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 3 науқас өкпені жасанды тыныс аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз