KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды - ШҚО

1.03.2023, 17:19 309 Мадина Амангелдіқызы

ШҚО-да көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды. Бұл туралы Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстың Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны  басталды. Азаматтарды әскерге шақыру талабына сәйкес, жергілікті әскери басқару органдарына іріктеу жұмыстарын жүргізу  жүктелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өңірдегі аудан-қалалардан жіберілген жастарды психологиялық, кәсіби және медициналық тексеруден өткізіп жатыр. Әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын анықтау үшін қажетті жабдықтар мен тиісті сала мамандары жеткілікті.

Әскер қатарына қабылданған соң олар үш ай бойы оқу орталықтарында әскери  дағдыларды үйренеді екен.

-  Мен әскерге шақырту хабарламасын алдым. Отан қорғау борышым деп білемін. Сондықтан әскерге міндетті түрде барамын, - дейді әскерге шақырылушы Айбар Нұрлыбеков.

 Борышын өтеген азаматтар ары қарай келісім шартпен әскери қызметке қалуға мүмкіндіктері бар.

-  Әскери қызметті өтеуге өз еркіммен келіп тұрмын. Мен әскери қызметімді Зайсанда өтейтін болдым. Ешқандай алысқа емес, өзіміздің Шығыс Қазақстанда өтейтін болдым. Барлық жастарды әскерге барып, ел алдындағы борышын өтеуге шақырамын, - деді әскерге шақырылушы Оразбек Тоқыш.

Үш күн ішінде медициналық комиссияның бақылауынан өтетін болашақ сарбаздар тиісті әскери бөлімдерге бөлінген.

Шығыс Қазақстан бойынша барлығы 600-дей сарбаздың жүзге жуығы Шекара қызметінде, 180-нен астамы Қарулы күштер қатарында, ал 230-дың үстінде – Ұлттық ұлан сапында, 30 азамат ТЖМ-да борышын өтейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу