Қазақстанда әскерге шақыру мерзімі тамызға дейін ұзартылды

Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны тамыз айына дейін ұзартылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы президенттің Жарлығында айтылды.
- Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз-тамызында және қыркүйек-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын, - деп көрсетілген мемлекет басшысының Жарлығында.
Көктемгі мерзімді әскерге шақыру маусым айында аяқталуға тиіс болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтатылған еді.