KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

ШҚО: Көлік салығынан кімдер босатылған?

1.04.2023, 10:35 371 Ләззат Қанатқызы

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Алайда биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады. Десе де, елімізде бірқатар тұлғалар көлік салығынан босатылған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев айтып берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, “Халық қаhарманы”, “Қазақстанның Еңбек Ері” атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және “Отан” орденiмен наградталған адамдар, “Батыр ана” атағына ие болған немесе “Алтын алқа” не “Күмiс алқа” алқаларымен наградталған көпбалалы аналар көлік салығынан босатылған, деп атап өтті Әсет Мұқашев.

2023 жылғы 4 сәуірден бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив