KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Жеке тұлғалардың көлік салығын төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады

31.03.2023, 19:41 382 Ләззат Қанатқызы

2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2023 жылғы 1 сәуірде аяқталады. Дегенмен, биыл 1 сәуір демалыс күніне сәйкес келген соң, төлеу мерзімі 3 сәуірде аяқталады.

Бұл туралы ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Әсет Мұқашев пен ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Медет Тоқтарбеков айтты, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Жалпы, облыс бойынша есепте 217 315 көлік құралы тіркелгенін, олар бойынша жалпы түсім 2 807 миллион теңгені құрайтын көрінеді.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу жақындап қалғанын ескертеді.

Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналастырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi Bank, Homebahk (Халық Банкі) мобильді қосымшалары арқылы көруге болады, деді ШҚО бойынша МКД өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Медет Тоқтарбеков.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив