Шығысқазақстандық жас сарбазар халықаралық сайыста бақ сынайды
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Шығысқазақстандық "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері халықаралық "Айбын" әскери-патриоттық жиынына аттанды.
Аталмыш әскери-патриоттық жиынның облыстық кезеңі ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жиынның мақсаты – оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беріп, отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақты әскери қызметке даярлап, салауатты өмір салтын насихаттау.
Облыстық кезеңде өзгелерден дара шауып үздік атанған Алтай ауданынан келген №8 мектептің жасөспірімдері халықаралық кезеңге жолдама алды.
Бүгін жас жеткіншектерді ата-аналары, сыныптастары, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері дүбірлі додаға шығарып салды.
Аймақтың жастары енді маусым айының 17-23 күндері Қарағандыдағы Спасск оқу-жаттығу орталығы базасында өтетін халықаралық сында бақ сынайды.