Еліміздегі электр желілерінің 66%-ы тозған
![](/kz/uploads/posts/2023-04/2022_08_17_6321.webp)
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Елімізде орта есеппен электр желілерінің 66%-ы тозып тұр. Бұл туралы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
"Бүгінгі таңда электр станцияларының өндіруші жабдықтарының 55,5%-ы 30 жылдан, 5,8%-ы 21-30 жылдан, 13,1%-ы 11-20 жылдан, 18,2%-ы 5-10 жылдан және 7,4%-ы 5 жылдан асқан. Электр желілерінің көп бөлігі 1970 жылдары салынған. Елімізде электр желілерінің тозу деңгейі орта есеппен 66% құрайды. Осының салдарынан тасымалдау кезінде электр энергиясының 6-7% жоғалады. Энергетика секторының отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануынан басқа, жоғарыда аталған проблемалар Қазақстанның энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу сенімділігін төмендетеді және, бірінші кезекте, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне және экономиканың тұрақтылығына әсер етеді", делінген құжатта.
Министрліктің ақпаратына сүйенсек, қазір энергетикалық кешендердің негізгі бөліктерін жөндеу және олардағы жабдықтарды жаңғырту мүмкіндігі жоқ. Бұған төмен тарифтер себеп болып отыр.