KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Жылу орталықтары тозған қалалар қатарында Риддер бар – ШҚО

Фото: egemen.kz

27.06.2023, 18:06 451

Елімізде жылыту маусымына дайындық барысында жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

Шілде айында министр Риддердегі жұмыстарды бақыламақ, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Техникалық жай-күйі 90% дейін тозған жылу электр орталықтары бар. Негізі, ол стансалар жаңаға ауыстырылу керек. Жылыту маусымына дайындық барысында елдегі бар жылу электр орталықтарының жол картасы әзірленді. Біз стансалардың қай қазандықтары, қандай турбиналар мен желілерін жөндеу керектігін білеміз. Риддер, Екібастұз, Жезқазған, Теміртау, Маңғыстау АЭК және Кентаудағы жылу электр стансаларының жағдайы мәз емес. Стансалар тозған, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, аталған нысандарды жөндеу мәселесі бақылауда болады. Одан бөлек, БАҚ өкілдері министрден «Алдағы жылыту маусымында екібастұздықтардың алаңдауына себеп бар ма?» деп сұрады.

– Мен Екібастұзға барып, ондағы жағдайды өз көзіммен көремін. Әкімдіктің, мемлекеттік энергоқадағалау ұйымының мәліметінше, ЖЭО-да жұмыс ойдағыдай жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына қажетті жабдық сатып алынды. Ондағы жағдайды танысқаннан кейін ғана айта аламын. Тамызда – Екібастұз жылу электр орталығына, шілдеде – Риддерге, ал ертең СҚО-ға барамын, – деді ведомство басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу