KZ
Өскемен
-20°
небольшая облачность жел 1,7 м/с, ОШ
495.28 538.32 5.77

ШҚО-да 4 су қоймасын жөндеу қажет

Фото: bugin.kz

19.09.2023, 16:55 182 Ләззат Қанатқызы

Бүгін облыс орталығында "AMANAT" партиясы ШҚО филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Ел Президенті су мәселесіне ерекше тоқталғаны белгілі. Конференцияда сөз алған "AMANAT" партиясы ШҚО филиалының төрағасы Сайрангүл Жұмаділова өңірдегі су қоймаларының жағдайына тоқталып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Сондай-ақ ол жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі Тарбағатай ауданындағы «Қандысу» қоймасына күрделі жөндеу жүргізу үшін қаржы бөлетініне үмітті екенін де жеткізді.

- Қазіргі таңда су мәселесі облысымыз үшін өте өзекті болып отыр. Бұл мәселе партияның 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі өңірлік Жол картасына енгізілген. Айта кету керек, «Үйдене», «Қандысу» қоймаларының апаттық жағдайы Зайсан және Тарбағатай аудандарына қауіп төндіреді. Аудандардың он мыңдаған гектар ауылшаруашылық алқаптары су тапшылығынан зардап шегуі мүмкін және ауданның ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері мен халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне әкеледі, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстары комитетінің «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорыны ШҚО филиалының директоры Нұржан Амиржанов та облыстағы республикалық меншіктегі 4 су қоймасы да жөндеуді қажет ететінін атап өтті.

- Республиканың су шаруашылығы объектілерінің көпшілігі салынғаннан бастап жөндеу көрмегені жарысын емес. Соның ішінде ШҚО бойынша республикалық меншіктегі 4 су қоймасының да тозығы жетіп тұр. Атап айтқанда Тарбағатайдағы «Қандысу», Зайсан ауданындағы «Үйдене», Ұлан ауданындағы «Алебастр» және Марқакөлдегі «Орта Теректі» су қоймалары, - деп атап өтті ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу