KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО: шағын ауылдарда медициналық нысандар құрылысы жалғасуда

Фото: ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

23.11.2023, 19:34 154 Ләззат Қанатқызы

Шемонаиха ауданына қарасты Межовка ауылында медициналық пункттің құрылысы жақын күндері аяқталады.

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы әзірленген болатын. Қазір өңірде аталған жоба аясында бірқатар медициналық нысандар бой көтеруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО бойынша 2023-2024 жылдары 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесін салу жоспарланған.

100-ден астам ғана тұрғыны бар Межовка ауылының халқы медициналық пункттің құрылысы басталғанына қуанышты.

- Бұл құрлысты жергілікті тұрғындар көптен күткені рас. Себебі денсаулығы сыр берген әр тұрғын ақ халаттылардан көмек алу үшін жақын маңдағы Выдриха ауылына немесе аудан орталығына баруға мәжбүр. Кейде ауылға көшпелі дәрігерлік амбулатория келетін, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінде құрылыс аяқталып, мердігер медициналық пункттің айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан көрінеді.

- Ұлттық жоба аясында тағы бір нысан Волчанка ауылында бой көтеруде. Заманауи әрі жаңа дәрігерлік амбулатория 2024 жылы ел игілігіне берілмек. Осы уақытқа дейін 6 ауылдың 1300-ге жуық тұрғыны тозығы жеткен бір медициналық мекемеге жүгінеді. Жаңа, жайлы ғимаратта барлық қажетті жабдықтар бар, - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Аталған медициналық мекемелерде жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына баса назар аударылады. Оларды қабылдау үшін жеке кабинеттер қарастырылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу