Тарбағатай ауданында медициналық пункт құрылысы басталды
Фото: mopc.kz
Тарбағатай ауданына қарасты Шорға ауылында медициналық пункттің құрылысы басталды.
27 маусым күні іргетасының алғашқы қадасын қағу салтанаты өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Ауылдық медицинаны жаңғырту" ұлттық жобасы аясында Қабанбай ауылдық округіне қарасты Шорға ауылында медициналық пункттің құрылысы басталды.
Аудан әкімі Дархан Жөргекбаев өз қолымен аурухана іргетасын қаласып, ауыл тұрғындарын осы үлкен қуанышпен құттықтады. Медпункт ауыл халқының басты мәселелерінің бірі болатын. Қада қағу рәсіміне ауыл ақсақалы ақ бата беріп, әжелер шашу шашты.
Естеріңізге сала кетейік, бұл медпункт құрылысын пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың соңына жоспарланған. Сондай-ақ биыл 6 ауылға дәл осындай екі медпункт, келесі жылы 3 ауылға медпункт салу жоспарланған.