KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Бірнеше ауылда емхана салынады - ШҚО

Шартты сурет

16.03.2023, 12:30 401 Мадина Амангелдіқызы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы әзірленгені белгілі.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялар салу, көпбейінді ауданаралық ауруханалар желісін құру, ауылдардағы денсаулық сақтау мекемелерін білікті мамандармен қамту сынды үш бағытты қамтиды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Ұлттық жоба ауыл тұрғындары үшін алғашқы шұғыл және жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды көздейді.

– Облыс ауылдарында медициналық қызмет сапасын арттыру үшін 2023-2024 жылдары жалпы сомасы 7,9 миллиард теңге болатын жеті дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік-акушерлік пункт, 27 медициналық пункт салынады, – деді құрылыс басқармасының бөлім басшысы Гүлмира Сәтбаева.

Ведомство өкілінің айтуынша, биыл республикалық бюджет есебінен 20 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Атап айтсақ, Тарбағатай ауданында алты медпункт (Ақмектеп, Ахметбұлақ, Қазақстан, Шолақорда, Жаңаталап, Шорға ауылдары), Күршім ауданында бес медпункт (Ақжайлау, Аманат, Жолнұсқау, Маралды, Ұранхай ауылдары), Ұлан ауданында бес медпункт (Отрадное, Макеевка, Желдіөзек, Казачье, Сарыөзек ауылдары), Глубокое ауданында екі дәрігерлік амбулатория (Верх-Березовка, Прапорщиково) мен бір медпункт (226-шы разъезд ауылы), Шемонайха ауданында бір медпункт (Межовка ауылы) салынады.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, барлық 36 денсаулық сақтау нысанының құрылысы осы жылы басталады.

Медициналық және фельдшерлік-акушерлік пунктерде шұғыл босану, ал дәрігерлік амбулаторияларда бұған қоса физиотерапиялық және педиатриялық емдеу жүргізілмек.

Барлық нысандар заманауи жабдықтармен жарақталады, бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу