KZ
Өскемен
-11°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО-да 36 елді мекенде медициналық мекеме салу жоспарланған

14.11.2022, 14:30 654 Ләззат Қанатқызы

Өткен аптада ШҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірлерде салынатын медициналық-санитарлық көмек нысандарының құрылысы туралы айтып берді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елдегі денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлген болатын.

- Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.

Министрдің айтуынша, келесі жылы Қазақстанда "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру басталмақ. Осы жоба аясында ауылдарда халық санына қарай медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделіп отыр. Кейбір жерлерде медициналық мекемелер алғашқы рет салынса, кейбірінде бұрынғы болған нысанның орнына бой көтеретін көрінеді.

Мәселен, жұмыс істеп тұрған нысандардың орнына төмендегі кенттер мен ауылдарда дәрігерлік амбулаториялардың салынады: Верхнеберезов, Прапорщиково, Секисовка, Бобровка (Глубокое ауданы); Феклистовка, Октябрьский (Алтай ауданы); Волчанка (Шемонаиха ауданы); Барлық (Катонқарағай ауданы); Жаңатұрмыс (Зайсан ауданы); Аманат, Жолнұсқау, Ақжайлау, Ұрынхай, Маралды (Күршім ауданы); Ақмектеп, Ахметбұлақ, Қазақстан, Шолақорда, Жаңаталап, Жамбыл, Асусай, Байтоғас (Тарбағатай ауданы).

Ал, алғаш рет медициналық пункттер мен дәрігерлері амбулаториялар: Уварова, 226 км жол айырығы (Глубокое ауданы); Отрадное, Макеевка, Желдіөзек, Казачье, Сарыөзек, Тройницкое (Ұлан ауданы); Межовка (Шемонаиха ауданы); Шорға (Тарбағатай ауданы); Тұрғысын (Алтай ауданы); Майемер (Катонқарағай ауданы); Саржыра, Жарсу (Зайсан ауданы) ауылдарына бой көтереді.

- Жалпы облыс бойынша, 36 елді мекенде медициналық мекеме салу жоспарланған, - деді ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Айта кетеу керек, жоғарыда аталған ауылдарда жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысы 2023 және 2024 жылдарға жоспарланған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу