KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, ОШ
498.51 522.84 4.81

Өскеменде тағы бір жер үсті өткелі пайда болады

Фото: gov.kz

19.12.2023, 16:00 147 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменде бұған дейін жол қауіпсіздігі мен кептеліс болдырмау мақсатында бірнеше жер үсті өткелі салынған болатын. Алдағы уақытта тағы бір жер үсті өткелі Есенберлин даңғылында салынбақ.

Мемлекеттік сатып алу порталында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салу туралы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы хабарландыру пайда болды. Тапсырыс беруші - Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Жаңа жер үсті өткелі Есенберлин даңғылындағы мектепке тұспа-тұс салынады екен.

– Жобаны іске асыру көше-жол желісінің өткізу жылдамдығын арттыруға, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Жобаның орындалу мерзімі – 2024 жылғы 15 ақпанға дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу