KZ
Өскемен
-26°
переменная облачность жел 1 м/с, СШ
510.43 594.86 6.49

Сәтпаев даңғылының үстінен тағы екі өткел салынады

22.08.2019, 04:09 547

Өскеменде тағы екі жер үсті өткелі салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Екі жер үсті өткелі де Сәтпаев даңғылының бойында орналаспақ. Бірі «Халифа Алтай» мешітінің алдында, екіншісі – «Ольга Рыпакова» жеңілатлетика кешенінің маңында салынады.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, жоғарыда бірінші аталған нысанның құны – 157,249 миллион теңге. Оның ұзындығы – 47,6 метр, биіктігі – 4,8 метр. Ал ұзындығы 38,1 метр, биіктігі 6 метр болатын екінші нысан 183,281 миллион теңгеге бағаланды.
Жер үсті өткелдері көк және сұр түсті болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу