Өскеменде үшінші жер үсті өткелі қолданысқа беріледі
Өскеменде тағы бір жер үсті өткелі қолданысқа беріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ертең Халифа Алтай мешітінің алдындағы жер үсті өткелі ашылады. Дәл осындай екі нысан бұған дейін Спорт сарайы мен О.Рыпакова атындағы жеңілатлетика орталығының алдына салынған еді. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, үшінші жер үсті өткелі де тұрғындардың сұранысымен салынған.
Оқи отырыңыз