KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да аңшылық маусымы ашық: қандай аң-құсты атуға рұқсат бар?

9.09.2022, 16:41 312

Шығыс Қазақстанда 27 тамызда күзгі аңшылық маусымы ашылған. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аулауға болатын аң-құстың тізімін мерзімімен қоса жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Инспекцияның деректеріне бойынша:

бөдене, көгершін – 27 тамыздан 30 қарашаға дейін;

қаз, қара қаз, үйрек, қасқалдақ – 27 тамыздан 30 қарашаға дейін;

шіл –3 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қара торғай – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қоңыр аю – 3 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

борсық – 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін;

қабан, күдіре – 3 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

қоян (толай) – 1 қарашадан 31 қаңтарға дейін;

сібір елігі, сібір тау ешкісі, марал, бұланның аталықтары мен төлдері – 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін;

гималай ұлары, кекілік – 1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін;

құндызы – 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейін;

қырғауыл – 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін.

Өңірдегі рекше қорғалатын аумақтар – Марқакөл мен Батыс Алтай табиғи қорығында, Катонқарағай мен Тарбағатай ұлттық табиғи паркінде және «Семей орманы» орман резерватында аң аулауға тыйым салынатынын естеріңізге саламыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу