KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
525.11 546.74 4.88

ШҚО-да «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» байқауының жеңімпаздары анықталды

Фото: ШҚО соты
Фото: ШҚО соты
18.01.2024, 09:45 235

Облыстық сотта мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында  «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» байқауы өтті.

 

Мемлекеттік тілдің қолданылу сапасын арттыру, аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының сот актілерін дайындау бойынша кәсіби шеберліктерін бағалау, сот актілерінің ҚР Соттарының сот актілерін  ресімдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымы талаптарына сәйкестігіне баға беру мақсатында облыстық сотта «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» конкурсы өткізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

 

Мемлекеттік тілдегі шешім мәтіндері халыққа түсініксіз, шұбалаңқы болмас үшін, сот актілерінің тілі, мазмұны, құрылымы тиісті талапқа сай болуы керек. Комиссия ұсынылған сот актілерін зерделеп, жазылу стилін, ресімделу сапасын, олардың әдістемелік ұсыным талаптарына сәйкестігін бағалап, қорытынды шығарды.

 

 «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» аталымына  лайықты деп қылмыстық істер бойынша Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қуаныш  Зәбеновтің, азаматтық істер бойынша Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Нұрлан Нурсапиновтің, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Зайсан аудандық сотының судьясы Гаухар  Нұртазинованың, әкімшілік істер бойынша Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Салтанат  Жайлибаеваның шығарған сот актілері танылды.

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы М.Г. Комиршинов жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтап, салтанатты түрде грамоталар табыстады.

 

Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу