Алты облыста республикалық жолдар жабылды
pexels.com
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 учаскеде барлық көлікке шектеу енгізілді.
Сағат 17.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы ақпараты бойынша келесі жолдарда шектеу бар.
Ақмола облысында:
- «Екатеринбург - Алматы» 1292-1353 км, Жібек жолы ААП -Қарағанды обл.шек. – 61 км.
Ақтөбе облысында:
- «Самара-Шымкент» 776-965 км, ЭКО Ойл ЖҚС-Қарабұтақ к. – 189 км.
- «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ к.-Ырғыз к. – 188 км.
Жамбыл облысында:
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а.-Қайнар а. – 79 км.
Қарағанды облысында:
- «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск к.-Новостройка а. – 16 км.
- «Екатеринбург-Алматы» 1426-1446 км, ААП-Теміртау қ. – 20 км.
- «Екатеринбург - Алматы» 1353-1426 км, Ақмола обл. шек. -Теміртау ААП– 73 км.
Қостанай облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл.шек. -Арқалық қ. – 83 км.
Ұлытау облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к.-Қостанай обл.шек. – 115 км.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 432 бірлік техника және 563 жолшы жұмылдырылды.