KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Әлем чемпионаты: көркем жүзуден олимпиада лицензиясы бұйырды

ҚР Туризм және спорт министрлігінен

11.02.2024, 20:10 99 Назерке Каримова

Қазақстан құрамасы Париж  Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды, деп  хабарлайды Altainews.kz сайты.

ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйенсек, командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды.

Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

- Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж  Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды, - делінген хабарламада. - Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив