KZ
Өскемен
-5°
плотный туман Штиль
485.04 525.98 5.04

Қысқы Азия ойындары қай елде өтетіні белгілі болды

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

20.02.2024, 14:37 151 Оразай Жеңісұлы

Азия Олимпиада кеңесі IX қысқы ақ олимпиада өтетін қаланы атады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2025 жылы қысқы Азия ойындары Харбин  Қытайдың Харбин қаласында 7 ақпан мен 14 наурыз аралығында өтеді.

Азия Олимпиада кеңесі кешенді жарысты үйлестіруші комитет өкілдерімен кездесіп, бойтұмар, эмблема және ұранды бекітіп үлгерді. IX бәсекенің ұраны: «Қысқы армандар, Азия орталығындағы махаббат» (Dreams of Winter, Love among Asia).

Айта кетейік, Харбинде осыған дейін 1996 жылы қысқы Азия ойындары өткен. Сол кездегі мұз сарайының бірнеше алаңы келесі жылы да қолданылмақ. ІІІ ойындар Қазақстан делегациясы үшін табысты болды. Ұлттық құрама сол жылы 14 алтын, 9 күміс, 8 қола (барлығы 31) жүлдемен жалпы есепте жарыс қожайынынан кейінгі 2-сатыға жайғасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив