KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да Париж олимпиадасына 8 спорт түрінен 19 спортшы үміткер

27.04.2023, 11:47 333

АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында 31-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиада өтіп, жарысқа әлемнің 43 елінен 1443 спортшы қатысты. Жарысқа Ұлттық құраманың құрамында біздің облыстан спортшы Сергей Ткаченко қатысып, шаңғымен трамплиннен секіруден күміс медаль жеңіп алды.

Ал келер жылы жазда Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Бүгінгі таңда облыста 8 спорт түрінен 19 спортшы үміткер болып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Биылғы 31 қаңтар мен 8 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының  жастары арасында 4 қысқы спорт ойындары өтті. Жарысқа 11 қысқы спорт түрі бойынша 18 облыстан келген спортшылар қатысты. Жалпы командалық есепте ШҚО командасы 536 ұпаймен 2 орын алды. Сондай-ақ биыл өңірдің 300 спортшысы 35 халықаралық турнирге және 150-ден астам спортшы түрлі спорт түрлерінен Әлем және Азия ресми чемпионаттарына қатысады деп жоспарлануда, – деді басқарма басшысы Жандос Сайханов.

Сонымен қатар биыл Әлем чемпионаттары мен кубоктарында облыс спортшылары 9 медаль жеңіп алды, оның ішінде 4 спортшы чемпион болса, Азия чемпионаттарында 7 алтын медаль, ал 6 спортшы Азия жүлдегері атанды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу