Азиада-2022: Әбиба Әбужақынова күміс медаль алды
Фото: Olympic.kz
23 қыркүйекте Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындары басталды.
Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындары-2022 алғашқы күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші болды.
Финалда Әбиба жапондық Нацуми Цунодамен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.
Әбиба Әбужақынованың медалі Ханчжоудағы Азиадада Қазақстан үшін бірінші болды.
Естеріңізге сала кетейік, Ханчжоудағы Азия ойындары - 2022 қазан айының 8-не дейін жалғасады. Азия ойындарында барлығы 61 пән бойынша 481 медаль ойнатылады.